Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қос тұсаукесер: Елордада Home Credit Bank-тің екі жаңа бөлімшесі ашылды

Home Credit Bank-тің Астанада тағы екі бөлімшесі ашылды. Бұл – қала тұрғындары мен шағын және орта бизнес үшін ашылған елордадағы 14-қызмет көрсету орталығы. 

Салтанатты іс-шараға Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров, Астана қаласы филиалының директоры Анара Әбдірахманова, банк қызметкерлері мен тұрақты клиенттері қатысып, жаңа бөлімшелердің ашылуымен құттықтады.
Home Credit Bank басшысы Астанада жыл сайын халық саны өсіп келе жатқандықтан, қаржылық операцияларды жүргізу қажеттілігі де артқанын алға тартты. Қазіргі таңда банктің елордалық клиенттері ай сайын 3,5 мың адамға көбейіп келеді.  

"Астанада біздің барлық қызметтеріміз бен өнімдерімізге сұраныс жоғары. Мәселен II тоқсанда мұнда ашылған депозиттер саны 40% өсті. Сондай-ақ кредиттік және дебеттік карталарымызды 43 000 астаналық пайдаланады. Клиенттердің біздің өнімдерге деген жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында біз бірден екі қосымша филиал ашу туралы шешім қабылдадық. Банк цифрлы арналарға басымдық беріп келе жатқанымен, офлайн кеңселер Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) мен клиенттер арасындағы маңызды делдал болып қала береді. Қала тұрғындары мен кәсіпкерлерді Home Credit Bank қызмет көрсету кеңселеріне шақырамын. Мұнда сіздерге біздің қызметкерлер пайдалы өнімдер мен қызметтер туралы айтып, кез келген сұрағыңызға жауап береді. Сонымен қатар цифрлық сервистер бойынша да кеңес береді", - деп атап өтті Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Жаңадан ашылған бөлімшелер клиенттер үшін ыңғайлы әрі жайлы жерлерде орналасқан. Сондай-ақ филиал алдында тұтынушыларға арнайы автотұрақ та қарастырылған. 

Бүгінгі таңда Home Credit Bank ыңғайлы кредиттік өнімдер, тиімді кэшбектері бар дебет карталар, тегін аударымдарды ұсынады. Сондай-ақ инвестициялау мен ақша сақтаудың және көбейтудің түрлі нұсқалары, атап айтсақ, жылдық мөлшерлемесі 18%-ға дейінгі депозиттер, 17,9%-ға дейінгі депозиттік сертификаттар және 7%-ға дейінгі долларлық облигациялар қарастырылған.

Осы тұста банктің нарықтағы ең үздік OZEN бөліп төлеу картасы туралы да айта кеткен жөн. Оның көмегімен бүкіл әлем бойынша және интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді серіктестік желіге қосылмай бөліп төлеуге (0-0-6) сатып алуға болады. Оған қоса әлемдегі кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алуға және мобильдік қосымша арқылы ақша аударуға болады.

Банктің жеке тұлғаларға арналған Home.kz және кәсіпкерлерге арналған HCB Business мобильді қосымшалары бар.

"Біз қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге күнделікті операциялардан бастап карта, несие және депозиттерге қатысты қызметтің бәрін ұсынамыз. Қазір біздің банкте 27 000 елордалық салымшының 34 млрд теңгеге жуық қаржысы сақталған. Бұл -  тұрғындардың бізге деген сенімі деп ойлаймын. Миллионер қаланың халық саны мен компаниялардың көптігін ескерсек, банктің елордадағы болашағы өте зор, бізге одан әрі даму керек. Қала тұрғындары біздің озық шешімдеріміз бен жаңа бөлімшелерімізге лайық баға береді деп үміттеніміз", - деп толықтырды Астана қаласы филиалының директоры Анара Әбдірахманова.

Бөлімшенің ресми ашылу салтанатының соңында қала тұрғындары мен банк клиенттеріне банк өнімдеріне қатысты түрлі сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға Technodom-нан тұрмыстық техникаға арналған сертификаттар сыйға берілді. Сондай-ақ бұл күні тек жаңа бөлімшенің ғана емес, банк қызметкерінің ұлының да тұсаукесер рәсімі өтті. Бір жастағы Имранның тұсауын Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваровтың өзі кесті. Ал бүлдіршін тәй-тәй басып, алдына ұсынылған заттардан көлікті таңдады. 

Іс-шара соңында банк қызметкерлері жиынға қатысушыларға арнайы дастархан жайып, мерекелік торт үлестірді. 

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында жаңадан ашылған бөлімшелер Мәңгілік ел даңғылы, 42 (филиал ерекше қажеттіліктері бар клиенттерге қызмет көрсету үшін арнайы құралдармен жабдықталған) және Сәкен Сейфуллин көшесі, 33 мекенжайында орналасқан. Сондай-ақ бөлімшелер тәулік бойы жұмыс істейтін терминалдармен және банкоматтармен жабдықталған

Филиал таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін, сенбі 10:00-ден 14:00-ге дейін тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жексенбі – демалыс күні.

Банк Қазақстан бойынша филиалдар желісін кеңейтіп жатыр: 2024 жылдың басынан Қызылордада филиал, сондай-ақ Ақтөбе, Түркістан және Таразда жаңа бөлімшелер ашылды. Қазақстанның қалалары мен кенттері тұрғындары еуропалық қаржы институтының қызметтеріне қол жеткізе алу үшін республика бойынша банктің 200 бөлімшесі мен микро-офисі бар.

Home Credit Bank Қазақстанда активтері бойынша 13-орында тұр. Оның қоры 870 млрд теңгеден асады, капиталы 170 млрд теңгеге жетті. Банк Халықаралық PPF Holding компаниясына тиесілі. 

Талқылау