Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қос Димаш: полиция қызметкері мен әнші Нью-Йоркте кездесті

АҚШ-та жеке концертін өткізген Димаш Құдайбергенмен отандасы, Нью-Йорктің үздік полиция қызметкері Димаш Ниязов жолығып қайтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: Д.Ниязовтың инстаграм парақшасынан

"Америкада өткізген алғашқы жеке концертің құтты болсын, Димаш. Жарайсың", - деп жазған Ниязов өз инстаграм парақшасында.

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында  Arnau tour ENVOY атты жаңа шоуын көрсетті. Негізгі тақырып - Ғарыш және әлем шексіздігі. Сондай-ақ, концерт барысында әнші Қазақстан астанасында өткен шығармашылық кешінің үзінділерін де ұсынды.

Америкалық коп Димаш Ниязов Шымкентте өмірге келген, 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен. Ол жергілікті полиция бөлімінде қызмет етеді әрі кәсіби боксшы болып табылады. 2017 жылы Димаш Ниязов Нью-Йорк қаласының полиция қызметіне ұсынылатын ерекше жетонға ие болған. Ал бокс бойынша бірнеше белді кубоктардың жүлдегері, "Нью-Йорктің үздік полиция қызметкері" атағына ие. 

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Америкада жеке шығармашылық концертін өткізгені белгілі болған еді.

 

Талқылау