Қорылдаған адам ұйықтап жатып өліп кетуі мүмкін
Қорылдаған адам ұйықтап жатып өліп кетуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік профессор, медцина ғылымарының докторы Роман Бузунов айтты.
Оның айтуынша, органикалық және органикалық емес ұйқы болады. Органиклық емес ұйқыға ұйқысыздықты жатқызуға болады. Ол күйзелістен болуы мүмкін. Маман қандай жағдайда дәрігерге қаралу керегін айтты, деді Бузунов Sputnik радиосына берген сұхбатында.
«Ұйқысыздық – бұл диагноз емес, бұл белгі. Адам ұйықтай алмай, ұйықтаса оянып кетіп, дұрыс ұйықтай алмайды. Бұл апасына үш күн қайталанатын болса, дәрігерге қаралу керек», – деді ол.
Ұйқының органикалық түріне адамның қорылдауы жатады.
«Адам қорылдағанда оған дем жетіспей қалуы мүмкні. Қорыл басталарда адамның демі тоқтайы. Кей жағдайда дем жетіспеген адам көкпеңбек болып кетуі мүмкін. Мұндай жағдай түнімен 500 рет қайталануы мүмкін. Адам 8 сағат ұйықтаса, оның 4 сағатында дем алмаған болуы мүмкін. Өйткені, қорылдағанда адамның демі тоқтап тұрады», – деді Бузунов.
Тағы да оқыңыз:
Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды
Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты