Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көру қабілеті төмендеген адамның миынан 18 см құрт шыққан

ер адамның миынан құрт алдыФото: news.qq.com

Қытайдың Хунань провинциясында 29 жастағы Ли Чжэн есімді ер адамның миынан ұзындығы 18 см тірі құрт табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі QQ.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алғашқы белгілер 2024 жылдың сәуірінде байқалған. Ер адам сол көзінің алдында жиі жарқыл байқап, көру өрісі тарылған. Оның көру қабілеті күрт нашарлап, офтальмология бөліміне жүгінген. Көз дәрігерлері ақау таппағанымен, мидан күмәнді түзіліс анықталған. 

2025 жылғы 31 шілдеде Ли Чжэн көлік айдап келе жатып кенеттен есінен танып, қатты эпилепсиялық ұстамаға түскен. Дәрігерлер оның бұрынғы бас томографиясын жаңа түсірілімдермен салыстырып, зақымдану ошағының орнын ауыстырғанын және церебралды спарганозға тән "туннельдік белгі" пайда болғанын анықтады.

мидан табылған құртФото: news.qq.com

Дәрігерлер суреттерден құрттың мидың тереңінен беткі қабатқа жылжып шыққанын байқаған. Бұл ота жасауға ең қолайлы сәт еді. Хирургтар ота кезінде ұзындығы шамамен 18 сантиметр болатын тірі құртты алып шыққан. 

Ли Чжэннің айтуынша, ол кейде қолға түскен жабайы жыландардың ішін жарып, өт қабын алып, шикідей жеп жүрген. Оның ойынша, бұл денсаулыққа пайдалы. Алайда дәл осы әдеті арқылы ол ағзасына паразиттің дернәсілдерін түсіріп алған.

мидан табылған құртФото: news.qq.com

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 12:13
Талқылау