"Көршім ұлыма қинап клизма жасап, бірнеше рет шешіндірген": Алматылық ерлі-зайыпты сұмдық жайтты баяндады

Көршім ұлыма қинап клизма жасап, бірнеше рет шешіндірген. Алматылық ерлі-зайыпты көршісінің күмәнді әрекетін қылмысқа балап отыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың сөзінше, 31 жастағы жігіт далада ойнап жүрген баланы пәтеріне алдап кіргізіп, қатарынан екі рет клизма жасаған. Сосын оны жуындырып, үйіне жіберіпті. Жеткіншек болған жағдайды отбасына айтып берген бойда, әкесі бірден полицияға хабар беріпті. Бүгін осы іске қатысты қылмыс іс қозғалғаны анықталды.

Жеті жастағы баласына жаман әрекет жасаған жігіт жайлы анасы Светлана сұхбат беріп тұр. Айтуынша, Сашаны дәл осы аулада ойнап жүрген жерінен көршісі жетектеп кетіпті. Бұрыннан аралас-құралас болған соң Диманың үйіне баруға бала қорықпаған. Жолдан балмұздақ алып беріп, үйінде компьютерлік ойындар ойнауды ұсыныпты.

«Сосын ол баламнан " Саған клизма жасап көріп пе еді? деп сұрапты да жатын бөлмеге алып келіпті. Бала клизма жасауға қарсы екенін айтса да, ол киімдерін шешіп, төсекке жатқызып клизма жасаған. Неліктен ондай әрекетке барғанын әлі түсінбеймін. Әйтеуір, аман жүргеніне тәубе», - деді баланың анасы Светлана.

Бала болған жайтты бүкпесіз баяндап береді. Жанын қоярға жер таппаған анасы сол кеште полиция қызметкерлерін шақырады. Ал құдай қосқан көршісін Светлана бұрынан біледі. Жасы 31-де. Үйленбеген, жұмысы да жоқ.

«Ол біздің үйге жиі келетін. Бір дастарханда нан бөліп жедік. Осындай жасайды деп үш ұйықтасам да түсіме кірмес еді. Сорақысы күдіктінің ата-анасы алдыма келіп кешірім де сұраған жоқ», - деді анасы Светлана.

Кейінірек белгілі болғандай, күдікті бір кездері психдиспансерде есепте тұрған. Бірақ көршілері оның оғаш қылығын байқамапты. Екінші тарап оқиғаның басқа жағын баяндап берді. Әкесінің ойынша, оларға жала жауып отыр.

Баланың айтуынша, аулада серуендеп жүріп, бұрыннан жақсы танитын менің ұлым Диманы кездестірген. Жеткіншектің өзі біздің үйге барып, компьютерде ойнай тұрайыншы деп өтінген. Ішкен шайдан ба, жеген балмұздақтың салдарынан ба, білмеймін, әйтеуір бала жылап, ішінің ауырып түрғанын айтқан. Яғни, Диманың балаға клизма жасағанын жасырмаймын. Бірақ кінәнің бәрін менің ұлыма артып қойғанымен келіспеймін. Осы оқиғадан кейін Диманың денсаулығы нашарлап, психикалық емдеу орталығында бір ай жатты.

Осы оқиғадан кейін баланың мінез-құлқы бірден өзгерген. Ашушаң, ызақор болып кеткен. Ал сол қезде қозғалған қылмыстық іс қарашада жабылып қалыпты.

«Маған ұнамағаны  біріншіден тергеу қорғаушысыз болған. Екіншіден түнде болған. Және тергеуші тарапынан қойылған сұрақтар да тым жұтаң. Ешқандай қосымша сұрақтар қоймаған. Балаға сені қалай шомылдырды? Тиіскен жоқ па? Жыныстрық мүшесін көрсетті ме? Деген сияқты нақты сауалдар жоқ», - деді Дина Смаилова.

Ал, баланың анасы ақ қараны анықтау жолында аянбаймын деп отыр.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Татар қызына ән арнады: Димаштың ерекше ықыласына бөленген қыз кім?

Қыздың есімі - Лейсан Сейтназарова

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды
Çàãðóçêà...