"Көршім – аула сыпырушы": Қостанай облысының әкімі қайда тұратынын айтты

5 наурыз күні Қостанайда журналистер бұрын облыстың барлық әкімдерінің резиденциясы болған ғимаратта ашылған балаларды оңалту орталығымен танысты. Резиденциясыз қалған өңір әкімі тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qostanai.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қазір қайда тұратынын айтты. Көршілері туралы сұрағанда өңір басшысы тосырқап қалды.
“Мен қалада көпқабатты үйде бірінші қабатта тұрамын, ешқандай күзет жоқ. Мүлде жоқ. Көршілерімді танимын. Менің баспалдақ алаңындағы көршім – аула сыпырушы. Аулада жұмыс істейтін әйел. Әр таң сайын жұмысқа шыққанда кездестіремін, ол әрдайым қар тазалап жүреді. Ауланы сыпырады. Ол Мүлік иелерінің бірлестігінде жұмыс істейді. Өте жақсы, мейірімді әйел”, – деп жауап берді Құмар Ақсақалов.
"Беларусьтен, тіпті Аргентинадан келеді": Неге Қазақстан өз етімен өзін толық қамтамасыз ете алмай, шетелден ет сатып алады?
2025 жылғы еттің отандық өндірістегі көлемі орасан
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған