Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көршілерін өрттен құтқарған 3 баланың әкесі жұрттың ыстық ықыласына бөленді

Сол күні өрт бірінші қабатта орналасқан пәтерден шыққан. Ол кезде жұрт жұмысқа жиналып, ояу болған екен. Екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде нәрестесін қолға ұстаған әйел ғана қалып қойған-ды. Қалғандары дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Диас Қабдуов көп ойланбастан көршілерін құтқару мақсатында үйге қайта кіреді.

0000

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

“Бастапқыда есіктен шықпақ болдық. Бірақ, подъезден қатты ыстық келіп тұрды. Оның үстіне қою-қара түтін еді. Еріксіз пәтерге қайтадан кірдік. Терезе арқылы, алдымен, анасын, кейін баласын түсірдім. Өзім есімнен тана жаздап, құтқарушының көмегімен шықтым”, – дейді Диас Қабдуов.

Азаматтың денесін біраз күйік шалып, аяғын әйнекке жарақаттап алған. Үй қабырғасында төгілген қан іздері әлі бар. Ең бастысы, өрттен ешкім көз жұмған жоқ.

“Оқиғаның барлығы түстегідей өрбіп жатты. Есімді ауруханадан шыққан кезде ғана бірақ жидым десем болады. Әлеуметтік желілер арқылы мені мақтап жатқандарын оқыдым. Мен мұны ерлік деп ойламаймын. Өзім де үш бала тәрбиелеп отырған жайым бар”, – дейді Диас Қабдуов.

Үш баланың әкесі тай боксының жаттықтырушысы. Бірнеше әлем чемпионын баптаған. Жасөспірімдерді тегін жаттықтырады екен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Полиция капитаны жолда келіншекті босандырып, кіндігін кескен

Аптасына 7 күн қайырымдылықпен айналысатын астаналық жұртты тамсандырды

Түркістандық қыз өзінің күйеуге үшінші әйел болып шыққанын білмей қалған

Қазақстандық ене тәрбиелі келіндері туралы айтып мақтанды

Талқылау