Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көршілері педофилді ұстауға көмектескен

Ақтауда педофилді ұстауға көршілері көмектескен. Күдікті бес жасар қызды кіреберіске кіргізіп, оған тисе бастаған. Күдікті ер адамды көршісі дер кезінде байқап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

к-рш3

Оқиға қыз тұратын үйдің ауласында болыпты. Куәгердің айтуынша, күдікті адам ұзақ уақыт бойы ойнап жүрген балаларға қарап отырған. Куәгер оларды сыртынан бақылапты. Бейтаныс адам баланы кіреберіске апарған кезде, көршісі дабыл қаққан.

Тұрғындардың жалпы чатына не болып жатқанын жазған бойда ер адамдар бірден балаға көмекке жүгірген. Олар полиция келгенге дейін күдіктіні ұстады. Қазір "кәмелетке толмағандарды азғыру" бабы бойынша іс қозғалды.

"Подъезде мас адам қызды зорламақ болды. Содан кейін WhatsApp-та көршілері шу шығарып, еркектерге тез сырқа шығуды сұраған. Көрші ер адамдар педофилді ұстады, содан кейін оны полиция алып кетті. Мен өзім көрмедім, бірақ басқа тұрғындар оның қызға тигенін айтады, ол оны тұртпектеп, жылатуға тырысқан. Жалпы, біздің үйде көптеген пәтерлер жалға беріледі, сондықтан мұнда кімдердің жүретіні белгісіз. Бұл мәселені шешу керек", - дейді Ақсырға Мұқанова.

Талқылау