Қоршауды жұлып алған: Алматыдағы түнгі клубқа келушілердің полициядан қашқан сәтін видеоға түсіріп алды
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы клубтардың біріне келушілердің қоршауды бұзып, біреуден қашып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Ролик авторының сөзінше, бір топ адам карантиндік рейд жасаған полиция қызметкерлерінен осылайша жасырынуға тырысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнежазбада жастардың қоршауды жұлып алып, мекеме аумағынан шығып жатқаны түсірілген.
Аталған фактіге қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер түсініктеме берді.
Олардың мәліметінше, оқиға 8 қараша, сенбіден жексенбіге қараған түні Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан мекемеде болған.
"Санитар дәрігердің талаптарына сәйкестігін тексеру үшін "Бла Бла барға" тексеру жүргізілді. Анықталғандай, әкімшілік те, келушілер де карантин туралы естімеген сияқты, мекемедегі өмір қайнап жатты. Басқармаға бар клиенттерінің ішінен 51 адам жеткізілді, олар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, мекеме басшылығына қатысты ықпал ету шаралары қабылданды", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
Ол полиция қызметкерлерін көріп, жүгіре бастаған бір топ адамның қоршауды бұзғанын растады.
Айта кетейік, Алматыда карантиндік шаралардың сақталуын тексеру бойынша рейдтер өтіп жатыр. ⠀

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
