Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шай құйып, ақша жинады": Мирас келіншегі Құралайдың тойдан кейінгі күні туралы айтып берді

Мирас келіншегі Құралайдың тойдан кейінгі күні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New Old Qazaqtar бағдарламасына сілтеме жасап. 

Көрпенің астында жыладық

Жұлдызды жұп 19 жыл бұрын үйленгендерін естеріне алып, ең алғаш келін шайдың қалай болғанын айтып берді. Кесеге ақша салып қайтаратын батыстың дәстүрін көрген Семейдің қызы Құралай қатты қуанғаннан бәрін шайға шақырып кеткен көрінеді. 

"Таңертең қонақтардың барлығы Құралайдың шайын күтіп отыр. Мен Құралайға "Сен ана жақта шай құю керексің" дедім. Ол орамалын тағып, барып шай құйды. Семей жақта ондай жоқ шығар. Бірақ, бізде шайды ішіп болған соң, шайда қант болған соң, кесеге ақша тастап қайтадан жібереді", - дейді Мирас. 

Бастапқыда, кесенің ішіндегі ақшаны көріп таңқалған Құралай ханым, артынша бұл дәстүрге үйреніп алған. Осылайша Мирас пен Құралай үйленгеннен кейінгі алғашқы отбасылық күндерін бір шолып шықты.

"Ол мынау не ақша деп таңқалды. Шай ішкеніміз үшін рахмет саған дейді ол кісілер. Мұны көрген Құралайдың көңіл-күйі көтеріліп, бәрін жүріңіздер шай ішіңіздер деп шақырып кетті", - дейді Мирас.

Талқылау