Коронавирустың жаппай таралуының себебі айтылды
Италияның Верона университеті мен Испанияның Валенсия университетінің ғалымдары ластанған ауа мен коронавирустың жаппай таралуының арасында байланыс бар екендігін дәлелдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олардың зерттеулері medRxiv порталында жарияланды.
Мамандар 2019 жылғы Италия экологиясының ластану деңгейіне бақылау жүргізіпті. Олар ауа сапасының нашарлауы короанвирустың таралуына біршама ықпал еткенін анықтапты. Бұл заңдылықтың елдегі ең төменгі көрсеткіш, яғни күніне мың адам ауру жұқтырған кездердің өзінде сақталғаны аңғарылыпты.
Осылайша ауасы ластанған қалаларда COVID-19 инфекциясы жаппай таралуға бейім екені дәлелденген.
Еске салайық, соңғы ақпарат бойынша Қазақстанда коронаиврус жұқтырғандардың саны 2860 болып отыр.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”