Коронавирустың жаңа әлсіз тұсы белгілі болды
АҚШ пен Польша ғалымдарының халықаралық тобы SARS-CoV-2 коронавирусының әлсіз тұсын анықтады. Ол жаңа дәрілердің нысанасына айналуы мүмкін. Коронавирус "молекулалық қайшыларды" қолданатыны белгілі болды, ол болмаса COVID-19 таралмайды және иммундық жауап үшін маңызды адам ақуыздарын өшіре алмайды.
"Молекулалық қайшылар" - бұл SARS-CoV-2-PLpro ферменті, ол вирустың репликациясына қажетті ақуыздардың шығарылуын ынталандырады, сондай-ақ инфекцияға шабуыл жасау үшін иммундық жүйені белсендіруге сигнал беретін цитокиндер мен химокиндер сияқты молекулаларды тежейді. Фермент убивитин мен ISG15-ті бөліп, олардың жұмысын бұзады.
Зерттеушілер SARS-CoV-2-PLpro екі ингибитормен — VIR250 және VIR251 арқылы бұғатталуы мүмкін екенін анықтады. Бұл қосылыстар тек коронавирус ақуызын таниды және адам ағзасындағы басқа ұқсас ақуыздарға жауап бермейді.
SARS-CoV-2-PLpro жұмысының тәсілі жаңа коронавирусты ұқсас ферменттері бар SARS-CoV-1 және MERS-тен ажыратуғаа көмектеседі. Алайда ғалымдар бұл ерекшелік коронавирустардың адамға әртүрлі әсер етуінде шешуші рөл атқара ма, жоқ па білмейді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
