Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың пайда болуының жаңа нұсқасы аталды

Вирусолог Джонатан Латам мен биолог Эллисон Уилсон коронавирустың пайда болуының жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Ғалымдардың пікірінше, COVID-19 адам ағзасына 2012 жылы бейімделе бастауы мүмкін. Зерттеушілер Қытайдың Юньнань провинциясындағы шахтаны екі апта бойы жарғанаттардың нәжісінен тазартқан кеншілерді емдеген дәрігердің жазбаларын тапты. Науқастар коронавирусқа тән белгілер байқалды: пневмония, құрғақ жөтел, аяқ-қолдардағы ауырсыну және жоғары температура. Пациенттерге өкпені желдету қажет болды, алты жұмысшының үшеуі қаза болды.

Кеншілердің сынамалары Уханьдағы зертханаға жіберілді, онда олардың SARS-ге ұқсас коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша, зерттеушілер сөзіне қарағанда, COVID-19 адам ағзасына бейімделген деп санауға негіз бар.

Айта кету керек, соңғы айларда коронавирустың пайда болуының әртүрлі нұсқалары ұсынылды. Бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инфекцияның әлі де нақты тұжырым жасау үшін жақсы зерттелмегенін мәлімдеді. Сарапшылар зерттеуді жалғастыруда.

Соңғы мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде жұқтырғандардың саны 21 миллионнан асты, 761 мыңнан астам науқас қаза болды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2020 07:33
Талқылау