Коронавирустың кесірінен 1000 адам Канар аралдарындағы қонақүйде карантинге жабылды
Costa Adeje Palace қонақ үйінің меймандары Канар аралдарындағы коронавирустың өршуінен карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Manchester Evening News-ке сілтеме жасап.
Қонақ үйдегі карантин Италиядан келген дәрігерден коронавирус анықталғаннан кейін жариялады. Ол әйелімен Costa Adeje Palace қонақ үйінде алты күн болған. Кенет ер адам ауырып, дене қызуы көтерілген. Ол Испанияның Адехе муниципалитетіндегі жеке клиникаға барып, онда диагноз қойылған.
Испанияның құқық қорғау органдары барлық туристерді індеттің жұқтырмағанына тексеріп болмайынша, қонақтарға қонақ үйден шығуға тыйым салынды.
Қазір итальяндық азаматты оқшауда ұстауда, ал оның нәтижелері Мадридке қайта сараптамаға жіберіледі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”