Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусты жұқтырудан әлемде рекорд орнады

Соңғы тәулікте әлемде коронавирусты жұқтыру жағдайларының саны 284 мыңнан асты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен 24 сағатта әлемде коронавирусты жұқтырудың рекордтық 284 196 жаңа жағдайлары тіркелді. Бұл көрсеткіш пандемияның басынан бастап барынша жоғары.

Жақында ДДҰ коронавирус жұқтырудың жаңа 247 225 жағдайы туралы хабарлаған болатын.


Коронавирусқа қарсы тұратын табиғи өнім белгілі болды


Жұқпалы аурулардың жалпы саны 15 296 926 адамға жетті. Жұқтырудың анықталған жағдайларының ең көп саны Солтүстік және Оңтүстік Америкада (8,1 миллион), сондай-ақ Еуропада (3,1 миллион) тіркелген. Кем дегенде 628 903 науқас қайтыс болды, оның ішінде 9753 адам өткен тәулікте көз жұмған.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 80 мыңнан асқан. 

Талқылау