Коронавирусты жұқтыру қаупін арттыратын жайттар аталды
Жүру жылдамдығы мен артық салмақ коронавирустың қауіптілігін арттыруы мүмкін, мұндай қорытындыға британдық ғалымдар келді. Олардың зерттеу нәтижелері medRxiv порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымдар биобанктегі 400 мыңнан астам британдықтардың денсаулығы туралы деректерін талдап, семіз адамдарда коронавирустан болған аурудың даму қаупі 49 пайызға жоғары деген қорытындыға келді.
Бұл ретте, мамандар дене салмағына қарамастан баяу жүретін адамдардың ауруды күшейтіп алуы мүмкін екенін айтты. Атап айтқанда, сағатына 4,8 км/сағ жылдамдықпен жүретін қалыпты салмағы бар адамдардың сағатына 6,4 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын артық салмақтыларға қарағанда COVID-19-дың ауыр түрімен ауруға бейім.
Осылайша, зерттеушілер жүру қарқыны семіздік деңгейіне қарамастан коронавирустың ауыр түрін тудырушы факторы болып табылады деген қорытындыға келді. Мақала medrxiv онлайн-кітапханасында орналасқан және рецензиядан өткен жоқ.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”