Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустен көз жұмғандардың саны 249-ға артты

Қытайдағы індеттен көз жұмғандардың саны 249 адамға жетті. Олардың барлығы дерлік Хубэй провинциясының тұрғындары екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

"Хубэй провинциясында ауруды жұқтырған 7 153 адам тіркелді. Олардың 166-ы ауруханадан шығарылса, 249-ы көз жұмды", - деп мәлімдеді Қытай билігі. 

Бір күн ішінде сырқаттанған науқастардың саны 1 347-ге артты, ал 50 адам болса коронавирустан емделіп шыққан. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың таралуын халықаралық ахуал деп танып, төтенше жағдай жариялап отыр. Әлем бойынша коронавируске шалдыққандардың саны он бір мыңнан асыпты.

 

STAN.KZ
Сенбі, 01 Ақпан, 2020 07:13
Талқылау