Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан көз жұмғандар саны белгісіз: Неге министрлік пен аймақтар ұсынған статистика бір-бірімен сәйкес келмейді

Министрлік пен аймақтардағы коронавирустан көз жұмғандар саны туралы ақпарат бір-бірімен сәйкес келмейді. Бұл туралы вице-министр түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бюрабекова мәліметтер уақытында министрлікке жетіп үлгермей жатыр дейді. Соған орай ақпараттар бір-бірімен сәйкес келмей қалуы мүмкін, алайда біз барынша тың деректерді уақытылы беруге тырысудамыз дейді ол. 

"Расында да мұндай жағдай болды, себебі біз өлім жағдайлары талдау жөніндегі комиссияның өңірлік деңгейінен өткеннен кейін ғана жариялаймыз. Комиссия осындай хаттаманы ұсынғаннан кейін ғана біз осы өлім жағдайы тіркелгені туралы хабарлаймыз. Сондықтан өңірдегі деректер министрлікке қарағанда сәл жаңалау болуы мүмкін, өйткені біз ресми түрде өлім жағдайларын талдау нәтижелері келіп түскенін күтеміз", - деп түсіндірді Людмила Бюрабекова.

Оған қоса, денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу туралы айтты.

"Шынында да, марқұмды жерлеу ережелері өзгертілді. Қазір басқа жағдайда жерлеуге мүмкіндік бар. Бұл жерлеу кезінде қатысушылар санын ескере отырып, санитарлық талаптар сақталған жағдайда ғана жүзеге асады", - деді Бюрабекова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр