Коронавирустан көз жұмған қазақстандықтардың 5 пайызы вакцинацияланған болып шықты
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов вакцина алған қазақстандықтардың коронавирустық инфекциядан қайтыс болуына қатысты деректерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Ақпан-тамыз айларының аралығында вакцинацияланған адамдар арасында коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны 482 адамды құрады, немесе бұл COVID-тен өлгендердің жалпы санының 5% құрайды. Өңірлер контекстінде вакцина егілгендердің арасында CVI-дан қайтыс болғандар санының жоғары үлесі Түркістан облысында – 14,3%, Шымкентте – 11,7%, Шығыс Қазақстан облысында – 9,6%, Қостанай облысында – 7,8% байқалды”, – деді Дүйсенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ брифинг барысында вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны айтылды.
- Вакцина алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме? Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
- Қазақстанда вакцинаның қанша мөлшері жарамсыз болып қалды?
"Бүгінгі күнге дейін вакцинацияланғандар арасында коронавирус жұқтырғандар саны 29 212 адамды құрайды немесе вакцинацияланған санының 0,37% құрайды. Бірінші компоненттен кейін – 8 631 адам, екінші компоненттен кейін – 20 581 адам жұқтырған", – деді денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.
Бұл ретте екі баяндамашы да ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы мәліметтер әлі дайын емес екенін атап өтті. 15 қазанға дейін ақпарат беруге уәде берді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
