Коронавирустан көз жұмған қазақстандықтар саны 77-ге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 4 адам Covid-19 коронавирусының құрбаны болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан қаласы - 1941 жылы туған әйел, Павлодар облысы - 1971 жылы туған әйел адам, Ақмола облысы - 1977 жылы дүниеге келген ер және 1952 жылы туған әйел адам коронавирустан көз жүмды.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Жалпы Қазақстан бойынша 77 науқас коронавирустан көз жұмды. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы – 15
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 6
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 4
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 12
Түркістан облысы – 3.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”