Коронавируспен ауырғандардың инсульт алу қаупі жоғарылайды
Коронавируспен ауырғандардың жүрек ауруына шалдығу және инсульт алу қаупі жоғарылайды. Бұл деректерді америкалық ғалымдарға сілтеме жасаған "Блумберг" келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олардың мәліметіне сәйкес, әсіресе ауырып болғаннан кейінгі алғашқы жылда инсульт алу немесе жүрек ауруына шалдығу қаупі жоғары.
Дәрігерлер коронавируспен ауырған егде жастағы адамдардың денсаулығын ұзақ уақыт бақылағаннан кейін осындай байламға келген. Ковидтің "ауыр" формасымен ауырған науқастарда бұл қауіп тіптен жоғары.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”