Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың арасында санаторийлерге емделуге кімдер жіберіледі

Коронавируспен ауырған науқастардың қайсысы демалыс аймақтарына жіберілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова онлайн брифинг барысында мәлім етті. Ол коронавирустан емделген науқастардың денсаулығын қалпына келтірудің бірнеше кезеңі бар екенін айтып берді.

"Медициналық реабилитацияның үш кезеңі бар. Коронавируспен ауырған науқастадың реабилитацисы екінші және үшінші кезеңдерге қарастырылады. Екінші кезең стационарлық жағдайда жасалады. Үшінші кезең күндізгі стационарлар мен поликилиникаларда және санаторияларда өткізіледі. Медициналық реабилитация жасау үшін санаторийлер лецензия алулары керек. Сонымен қатар, қызметтер әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы жүргізілетіндіктен олар жалпы конкурстан өтіп, қызмет көрсетушілер тізіміне енуі керек", - дейді Есмағамбетова.

Сонымен қатар, Есмағамбетова коронавируспен ауырғандардың арасынан кімдердің демалыс аймақтарына жіберілетінін айтты. Санаторийлерге жіберілетіндерді учаскелік дәрігерлер анықтайтын болады. 

"Коронавирспен ауырған адамда реабилитацияға жібіру немесе жібермеу керектігін санитарлық медициналық талаптарға сүйене отырып, учаскелік дәрігер анықтайды. Қажет болған жағдайда жолдама беріледі", - дейді Есмағамбетова. 

Талқылау