Коронавируспен ауырған соң жүрек жұмысын қалай қалпына келтіруге болады? Дәрігер жауап берді
COVID-19 вирусы жүрекке қалай әсер етеді? Жүректің функциясы төмендеген науқастар қандай ем қабылдайды? Осы сауалдарға кардиолог-реаниматолог Әнуар Абсадықов жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасының "Теледәрігер" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандар COVID-19 диагнозы кез келген жұқпалы кеселдер сияқты жүрек-қан тамырлары аурулары үшін қауіпті екенін айтады
Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген COVID-19 ауруы жүрек-тамыр жүйесінде микротромб түзілуіне әкеп соғады. Яғни, майда тамырларда түзілген тромбтар қан ағысы бойынша жүрекке келеді. Жүректің оң жақ қарынша мен сол жақ қарыншасында тромбтар түзіліп, өкпе артериясының тромбоэмболиясына алып келуі мүмкін. COVID-19 дертінің ең қауіпті асқынуларының бірі - өкпе артериясының тромбоэмбалиясы. Қанның қоюлануына байланысты коронарлы тамырлар да бітеліп қалып жатады, ол екіншілікті инфарктқа әкеп соқтырады.
Бұл асқынуды болдырмау үшін бүкіл әлемнің нұсқаулықтары бойынша антикоагулянттар мен дезагреганттар қабылдау қажет. Яғни қарапайым тілмен айтқанда қанды сұйылту қажет
"Қазіргі уақытта көбіне тер астына салынатын антикоагулянттық препараттар, олардың класстары көп: фраксипарин, клексан, арикстра және ішке қолданатын антикоагулянттық дәрілер: апиксабан, ривароксабан, ксарелто секілді дәрілер және дезагреганттар ол қарапайым халықтың арасында көп тараған кардиомагнил, ас тромбин", - дейді дәрігер.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
