Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавируспен ауыратын науқастарды ӨЖЖ аппараттарынсыз құтқарудың жолы табылды

Гелий-оттегі қоспасын ингаляциялау арқылы коронавирусты емдеу ауруы асқынған науқастарды өкпені жасанды желдету құрылғыларына қосу қажеттілігін жояды. Бұл туралы Ресейдің иммунологтар ғылыми қоғамының президенті Валерий Черешнев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Ғалымның айтуынша, COVID-19 жұқтырған 50 пациенттің тек біреуі гелий-оттегі қоспасы ингаляциясынан кейін өкпені жасанды желдетуді қажет етті.

"Жүйе Комидегі республикалық аурухананың базасында сынақтан өтті. Бізде 50 адам болды. 50-дің барлығы тірі қалды, олар ауыр дәрежедегі науқастар болды. Тек біреуі өкпені жасанды желдету аппаратына ауыстырылды... Сыктывкардағы республикалық ауруханада тәжірибе оң (нәтиже) берді, қазір өндіріп жатыр", - деді Валерий Черешнев.

Ресей Ғылым академиясы Орал филиалының иммунология және физиология институтының ғылыми жетекшісі өкпені жасанды желдету ағзаға өте ауыр жүктеме екенін атап өтті. COVID-19 кезінде пневмонияның дамуы аясында, тыныс алу беті күрт төмендегенде, 90-95 градусқа дейін қыздырылған гелий-оттегі қоспасы жасанды желдетуден едәуір асып түседі.

Оның айтуынша, микробиологтар бастапқыда осындай ингаляцияға арналған қондырғыларды жетілдіріп, дем жұту мен дем шығару үшін бөлек жүйелер жасауға шешім қабылдады.

STAN.KZ
Жұма, 11 Қыркүйек, 2020 09:52
Талқылау