Коронавируске қарсы вакцина ойлап табылды
Гонконг қаласының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз вакцинаны жасап шығардық, бірақ дәрі алғашында жануарларға сынама ретінде егілуі тиіс. Оған көп уақыт кетеді", - деп мәлімдеді Гонконг университетінің профессоры.
Айтуынша, жануарлараға сынама жасауға бірнеше ай кетеді екен. Ал содан кейін науқастардың қатысуымен болатын клиникалық зерттеуге тағы бір жыл уақыт жұмсалады.
Ғалымдар қарапайым тұмауға қарсы вакцинаны модификациялап, оған коронавирустың антигенін қосқандығын атап өткен.
Еске салайық, қазіргі уақытта дертке шалдыққандардың саны 5974 жетсе, көз жұмғандардың саны 132-ге артыпты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"