Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа шалдықпайтын адамдар анықталды

Коронавирустықа шалдықпайтын адамдар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маскасыз жүру - қылмыстық жауапкершілік: Қазақстандықтар нені білуі тиіс

Бұл туралы Nature журналында жазылыпты. 

2003 жылы атипиялық өкпе қабынуын жұқтырып, емделіп шыққандардың коронавирусқа шалдықпайтыны белгілі болды.  

Ғалымдар SARS-CoV вирусын бұрын жұқтырған адамдардың денесінде  түрлі антиденелер түзілетінін айтады. Өз кезегінде бұл антиденелер ағзаны коронавирустың жаңа түрінен қорғайтын көрінеді. 

Бұған қоса зерттеушілер S309 антиденесі SARS-CoV-2 вирусын белсенді түрде бейтараптандыратын қасиетке ие екенін анықтапты. Яғни ауыр респираторлы синдромына шалдыққандар коронавирусқа төтеп бере алады екен. 

Мамандар бұл зерттеу нәтижесі COVID-19-ды емдеу барысында қолдануға болатынын айтады. Алдағы уақытта олар бойында коронавирусқа қарсы антидене табылған адамдардың плазмасын жағдайы ауыр науқастарға құю арқылы емдемекші

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр