Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа сенбеген: Оралда COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған адам туралы белгілі болды

Оралда COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған адам коронавирусқа сенбеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ер адам жағдайының нашарлауын дәрігерлерден жасырып, тек өздігінен тыныс ала алмаған кезде медициналық көмекке жүгінді. 

Оралда коронавируспен қайтыс болған алғашқы науқастың Теңіздегі ауысым жұмысшысы екендігі туралы белгілі болған. Ол екі аптадан астам уақыт бойы карантиндік жұқпалы аурулар ауруханасында жатты, ешқандай ауру белгілері байқалмаған.

Ер адам дәрігерлердің өзін бақылауына қарсы болып, наразылық танытқан көрінеді. Тіпті ол өзінің жағдайының ауыр екенін мамандардан жасырып, корнавирустың шын екеніне сенбеген. 

"Ол науқастар көшеге шыққан кезде ауруханада тәртіпсіздік жасағандардың бірі болды. Естеріңізде болса, осы жылдың сәуір айында мұндай оқиға болған еді. Содан кейін ол менде ешқандай белгілер жоқ, дәрігерлер мені алдады дегенге сенімді болды. Емдеу мерзімі аяқталғаннан кейін, оның өтініші бойынша біз оны үйге карантинге жібердік. Күн сайын дәрігерлер оған қоңырау шалып, оның жағдайын біліп отырды. Ол бұл қоңырауларды тоқтатуды талап етіп, наразы екенін жеткізген. Оның жағдайы нашарлаған кезде де дәрігерге жүгінбеді. Оның шынайы жағдайы туралы дәрігерлерді шақырған кезде білдік. Ол ауруханаға орташа дәрежеде жеткізілді. Өкінішке орай, ауру басталды, біз оны құтқара алмадық", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр