Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың арасында кім 1 млн доллар ала алады

АҚШ-тағы Огайо штатының билігі коронавирусқа қарсы вакцина алушылар арасында лотерея ойнатылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новоститиге" сілтеме жасап. 

"Штаттың бес тұрғыны миллионер атана алады", - деп хабарлады губернатор Майк Де Уайн.

"Екі аптадан кейін, 26 мамырда біз вакцинаның кем дегенде алғашқы дозасын алған ересектерге арналған жеке лотереяның жеңімпазын жариялаймыз. Жеңімпаз бес аптаның ішінде сәрсенбіде белгілі болады, ал әр сәрсенбіде жеңімпазға миллион доллар беріледі",- деп хабарланған.

АҚШ-та пандемия басталғаннан бері 33 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырған және 590 000 американдық коронавирустан көз жұмған. 

Жақында билік 100 миллионнан артық адам вакцинаның екі компанентін алғанын мәлімдеді.

Бұған дейін президент Джо Байден 4 шілдеге дейін ересектердің 70% -ына вакцинаның кем дегенде бір дозасын егуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Талқылау