Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны 600-ден астам адам сынап көрмек

627 адам коронавирустық инфекцияға қарсы қазақстандық "QazCovid-in" вакцинасының клиникалық сынақтарына қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

"ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысуға еріктілерді қабылдауды жалғастыруда. Құжаттарды қабылдау осы жылдың 10 қыркүйегінде аяқталады. Бүгінгі күні 627 адам біз жасаған вакцинаны өздеріне салдыруға ниет білдірді. Бірінші кезеңде біз 44 адамды, екіншісінде 240 адамды іріктеуді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Комитеттегілер еріктілердің вакцина туралы жоғары хабардарлығына, қазақстандықтардың жағымды мотивациясы мен патриотизміне тәнті екенін атап өтті. 



"Мұндай сенім іс жүзіндегі қолдау ғана емес, сонымен қатар біз сияқты өндіруші үшін және бүкіл қазақстандық ғылымға үлкен моральдық қолдау болатыны анық. 627 адамның әрқайсысы, тіпті олар еріктілер қатарына кірмесе де, біз үшін батыр деуге болады. Біз оларға барлық қазақстандықтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға қосқан жеке үлесі үшін өте ризамыз", - деді БҚПҒЗИ бас директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы ең үздік 200 вакцинаның ішінде қазақстандық вакцина бар екені хабарланды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр