Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған соң адамның иммунитеті қалыптаса бастайтыны дәлелденді

АҚШ-тағы Оксфорд университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусымен инфекция көп жағдайда Т-жасушаларының тұрақты иммундық дамуын тудыратынын дәлелдеді.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі Nature Immunology журналында жарияланған.

В-жасуша антиденесінің реакциясы COVID-19 инфекциясынан кейін дамитыны белгілі болғанымен, патоген иммундық жүйенің қалпына келуіне ықпал ететін және кейінгі инфекциялардан қорғауды қамтамасыз ететін вирусқа тән Т-жасушаларын шығаруына себеп бола алуы белгісіз болған еді.

Зерттеушілер Т-жасушалары арнайы байланыстыратын фрагменттерді анықтау үшін ауыр жағдайда ауырған 14 COVID-19 пациенті мен аурудың жеңіл белгілері байқалған 28 адамның қан үлгілерін талдады. Жеңіл ауырғандарда Т-жасушаларының реакциясы жағдайы ауыр науқастармен салыстырғанда анағұрлым басқаша болған.


Коронавирустың миға зиян тигізетіні дәлелденді


 

Т-жасушаларының сапасыз реакциясы SARS-CoV-2 вирусының сақталуына және COVID-19-дан өлім қаупінің жоғарылауына ықпал етуі мүмкін болса да, емделіп шыққан науқастар аурудың ауырлығына қарамастан, инфекциядан кейін екі ай ішінде Т-жасуша жадын сақтап қалды.

Зерттеушілердің айтуынша, коронавирустық S-ақуыз пациенттердің Т-жасушалары тез қабылдайды, бұл вакцинаны дамытудың қазіргі тәсілдерінің тиімділігін растайды. Сонымен қатар, вирустың басқа бөліктері, соның ішінде оның мембранасы мен нуклеопротеидтері де Т-жасушаларының күшті иммундық реакциясын туғызады, бұл вакцинаның ықтимал нысандарының санын көбейтеді.

Талқылау