AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жүрек-қан тамыры ауруларын асқындырады

Алматыдағы қалалық кардиология орталығының директоры Алмат Қодасбаев коронавирус адамның жүрегіне ерекше әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жүрек орталығы директоры жүрек тіні коронавирус ауруы кезінде сезімтал болатынын айтты. Сондықтан коронавирус жүрек-қан тамырлары ауруларын асқындыруы мүмкін. 

"Ауруға ең сезімтал – жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті немесе семіздікпен ауыратын адамдар. Олардың ауруы өте қиын, мұндай науқастар ұзақ емделуді қажет етеді. Биыл біздің кардиологиялық орталықта 1 950 адам емделіп шықты. Бүгінгі таңда төсек сыйымдылығы 80%-ды құрайды. Науқастарды емдеуде біз қазіргі заманғы жабдықты қолданамыз, коронарлық ангиографияны жүргіземіз, экстракорпоралды мембраналық оксигенация (ЭКМО) аппаратын қолданамыз. Барлық дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургиялық орталығында оқып келді", – деді Алмат Қодасбаев.

Оған қоса, кардиологиялық орталықтың дәрігерлері басқа инфекциялық ауруханаларда ауыр науқастарға кеңес береді. Қазірдің өзінде 10 мыңнан астам онлайн кеңес берілді.

"Бұл ауру жүрегінде сырқаты бар жандарды қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Ауыр зардаптардың алдын алудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакциналану. Вакцина коронавирус тудыратын қан ұйығыштардың алдын алады. Covid-19 жүрек-қан тамыр ауруларының асқынуына әкелетіні шындық. Жүректің ишемиялық, тромбоэмболиялық дертті асқындырып, жүректі әлсіздендіреді. Науқастардың бұл тобы өз өмірін құтқару үшін міндетті түрде вакцина туралы ойлануы керек", – деді Алмат Қодасбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр