Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

Ұзынағаш ауылының екі тұрғыны коронавирус жұқтырды, деп қауесет таратқан әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ватсап

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы Р. есімді тұрғыны WhatsApp желісі арқылы жергілікті тұрғындар арасында Қайназар ауылы мен Ұзынағаш ауылында екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы аудиожазба таратқан.

Бұл ақпарат мессенджерде тез тараған. Жалған ақпаратты мыңнан астам жергілікті тұрғын бір-біріне жіберіп үлгергені анықталды. Жалған мәлімет анықталғаннан кейін полиция қызметкерлері оны дереу тексеруге кіріскен.

Бұл ақпарат расталмады. Жалған ақпарат таратқан әйел бірден анықталып, ұсталды. Ол Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы тұрғыны және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі екені анықталды.

Жауап алу барысында азаматша өзінің коронавирус туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол үштен  жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр