Коронавирус тағам арқылы жұғады ма? Маман жауап берді
Әлем бойынша коронавирустың тамақ арқылы таралуы әлі тіркелмеген. Бұл туралы Қытайды денсаулық сақтау жөніндегі сарапшысы Ли Фэнцинь мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Коронавирус тағам арқылы жұқпайды. Әлем бойынша індеттің тамақтан таралу жағдайы тіркелмеген. Жалпы деректерге сүйенетін болсақ, COVID-19 ас өнімдері арқылы адамға берілмейді. Бірақ бұл тағам вируспен ластанбайды деген сөз емес", - дейді маман.
Сөзінше, азық-түлік өнімдері қаптамадағы вируспен не болмаса коронавирусқа шалдыққан тағам өндірушінің кесірінен ластануы мүмкін екен.
Айта кетейік, ауру тағам арқылы таралады деген ақпарат Бейжіңдегі коронавирустың жаңа түрінің пайда болуына байланысты шыққан. Мутацияға ұшыраған инфекция қаладағы базардан анықталған.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық сарапшы коронавирусты қымызбен және жылқы етімен емдеуді ұсынған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн