Коронавирус: Шымкент "қызыл" аймаққа өтті
Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
1 шілдедегі жағдай бойынша, Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа ауысты. Ал "сары" аймаққа Павлодар облысы кірді.
1 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы:
- "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;
- "сары" аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары;
- "жасыл" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда 2 436 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн