Коронавирус расталған жолаушы Нұр-Сұлтанға ұша алмай қалды
Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабұлов COVID-19 оң нәтиже берген жолаушының Шығыс Қазақстаннан Нұр-Сұлтанға ұшатын ұшаққа міне алмауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өскемен әуежайындағы санитарлық-карантиндік пункттің эпидемиологы ПТР анализінің нәтижесі белгісіз жолаушыға ішкі рейс бойынша ұшуға тыйым салды.
Сонымен бірге, ол дереу зертханадан осы жолаушының ПТР сынағының нәтижесі туралы ақпарат сұратқан.
Нұр-Сұлтанға бара жатқан ұшақ көтеріліп үлгергенде, сәтсіз болған жолаушыға жасалған сараптама нәтижесі белгілі болған. Жолаушыда коронавирус анықталды.
Айта кету керек, бұл рейстің әуе кемесінде 64 жолаушы болған, олардың 57-сі ПТР сертификаты бар ересектер және 5 жасқа дейінгі 7 бала болған.
Талқылау