Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус наурыз айында қайта өршуі мүмкін - Нұр-Сұлтанның санитар дәрігері болжам жасады

Ауру жұқтырған адамдардың азайғанына қарамастан, наурыз айында коронавирус індеті қайта өршуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның санитар дәрігері Сархат Бейсенова брифинг кезінде мәлімдеді. 

Ол елордалықтарды мерекелік күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. 

"Әр мереке сайын астанадағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлайтынын тәжірибе көрсетті. Оған себеп әлеуметтік байланыс артып, халық карантиндік шараларға немқұрайлы қарайды. Мерекелік күндер қарсаңында баршаңызды қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытпауға шақырамын. Наурыз айындағы мерекелер коронавирустық инфекцияны жұқтырған адамдардың көбеюіне және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелмеуі тиіс", - деді Бейсенова. 



Санитар дәрігер Нұр-Сұлтанда короновирус жұқтырғандар санының арту-артпауы тұрғындардың өзіне байланысты екенін ескертті. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Бейсенбі, 24 Ақпан, 2022 14:40
Талқылау