Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус: Круиз лайнерінің бортында ауруды жұқтырған тағы ондаған жағдай тіркелді

Иокогамаға жақын орналасқан "Даймонд принцесс" круиз лайнерінде 41 адам коронавирус жұқтырған. Бортта бұл дертке шалдыққандар саны 61-ге жетіп отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

круиз
Лайнерде 3700 адам бар. 2700 жолаушы және мың экипаж. Кемеге екі апта бойы карантин жарияланды.

Лайнерде қаңтарда 80 жастағы Гонконг тұрғыны ауырғаннан кейін тексеру жүргізілді. Ол круизге 20 қаңтарда отырған. Бес күннен кейін науқас екені анықталды.

Жапон билігіне хабар берілген. Ақпанның 3-де круиз Иокогамаға келгенде оларадың кіруіне рұқсат берілмеді. 

Сондай-ақ, Гонконгке жақын жерде тағы бір лайнерге карантин жарияланды. Жағаға келген сегіз адамнан короновирус анықталған. "Уорлд дрим" бортында қалған 3600 адамнан вирус шықпады.

Британия-америкалық компанияның "Уэстердам" лайнеріне бортта науқас жоқ болғанымен де кіруге рұқсат берілмеді. 

Жапонияда коронавирусты жұқтырғандар саны 86 адамға жетті. Жұқтырған науқастар тексерілуге жіберілуде.

Эвакуацияға алынған жолаушылардың ішінде 58 жастағы ер адамнан коронавирус анықталды. Ол круизде 41 жастағы әйелімен бал айын өткізген екен. Ал әйелінен вирус анықталмады. Ол басқа жолаушылармен бортта қалады. 

Жолаушылар ешқайда шықпайтындарын айтып, шағым түсірген. Сондай-ақ, бортта дәрі-дәрмек жетіспеушілігі бар. Бір жолаушы жапон туына осылай жазып іліп қойған. 

"Даймонд принцесс" лайнерінде бірнеше мемлекеттің азаматтары коронаврусты жұқтырған. 

АҚШ, Жапония, Австралия, Канада, Ұлыбритания, Филиппин, Жаңа Зеландия, Тайвань елінен науқастар бар. Ал Ресейдің 24 азаматы карантинге жатқызылған. Алайда, олардан вирус анықталмады. 
 

STAN.KZ
Сенбі, 08 Ақпан, 2020 10:25
Талқылау