Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2,9% төмендеді
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысы барысында 10 айдың қорытындысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Биылғы 10 айдың қорытындылары бойынша Қазақстан экономикасында мыналар атап өтілді. Шикізаттық емес секторларға инвестициялар өсті, нақты сектордағы өсім сақталды, қызмет көрсету саласы тұрақталды және экономиканы несиелендіру ұлғайып келеді", - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.
Министр қызмет көрсету саласы қыркүйек айымен салыстырғанда қазан айында өсіп келе жатқанын, бірақ шектеу шаралары тежеу әсерін тигізіп жатқанын айтты.
"Ағымдағы жылдың 10 айында тауар өндірісі 1,9% өсті. Сонымен бірге қызмет көрсету өндірісі 6,1% -ға төмендеді. Нәтижесінде жедел деректер бойынша ЖІӨ 2,9% -ға төмендеді. Жылдық инфляция 7,1% құрады", - деп атап өтті Руслан Даленов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”