Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус қатерлі болып келетін тағы бір адамдардың санаты белгілі болды

Шылым шегетін және ішімдікке әуес адамдар үшін коронавирус жұқтыру қатерлі екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронаиврус

Бұл туралы Ресейдің әлеуметтік денсаулық сақтау қоғамдастығының президенті Андрей Демин мәлім етті.  

Маманның сөзінше, адам ағзасының қорғаныштық қабілеті зиянды әдеттердің кесірінен әлсірейді. Ал темекі шегетін азаматтардың вирусқа төтеп бері қасиеті мүлдем нашар көрінеді. 

Бұған қоса ол Дүниежүзілік денслауық ұйымы жүргізген зерттеуге сүйене отырып, алкоголь тұтыну иммундық жүйе, өкпе мен бауыр жұмысына айтарлықтай кері әсер ететінін жеткізді. Ал егер ішімдікке әуес адамдар коронавирус жұқтырса, олардың жағдайы мүлдем асқынып кетуі мүмкін екен. 

Айта кетерлік жайт, қазіргі таңда 65 жастан асқан азаматтар мен созылмалы ауруға шалдыққандар үшін коронавирус қатерлі екені анықталған. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр