Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус індеті аяқталды деп мәлімдеген Израиль қайта маска режиміне көшті

Израиль билігі 25 маусымнан бастап коронавирус жағдайларының көбеюіне байланысты жабық кеңістікте бетперде кию туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгінгі 12:00-ден бастап аурудың өсуіне байланысты ашық кеңістікті қоспағанда, барлық жерде бетперде кию міндеті енгізілді”, - делінген елдің денсаулық сақтау министрлігінің сайтында.

7 жасқа дейінгі балалар пен спортпен айналысатын адамдарға жаттығу кезінде бетперде кимеуге рұқсат берді.

Бұған дейін Израиль билігі ұжымдық иммунитетке қол жеткізгенін мәлімдеп, елде коронавирус індеті аяқталғанын жариялады.

Израильде өткен жылдың 20 желтоқсанында халықты COVID-19-ға жаппай егу басталды. 10 қаңтардан бастап вакцинацияланғандар екінші дозаны ала бастады.

Гүлдана Қазтай
Жұма, 25 Маусым, 2021 14:49
Талқылау