Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус ер адамға 30 жылдан кейін отбасын есіне түсіруіне көмектесті

Амнезиямен зардап шеккен қытайлық еңбек мигранты коронавирус туралы жаңалықтарды көрген кезде 30 жыл бойы ұмытып жүрген  үйі мен отбасын еске түсірді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

30

1990 жылы Чжу Цзямин Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжой провинциясынан құрылыста жұмыс істеу үшін Хубэй провинциясына кеткен.  Сол жылы ол жұмыста бас жарақатын алған және содан бері амнезиямен ауырады. Сонымен қатар, ер адам өзінің жеке куәлігін жоғалтып, ерлі-зайыптылар оған пана болғанша көшеде өмір сүрген.

Өткен өмірін еске түсіруге бірнеше рет тырысқан, бірақ одан еш нәтиже шықпады. Цзямин өзінің үйі мен отбасының қайда екенін білмеді, оған ешкім көмектесе алмады. 2015 жылы ол оны қабылдаған адамдармен бірге Чжэцзян провинциясының Юнхэ округіне көшіп келген. Көшкеннен кейін көп ұзамай ол жарақат алғанға дейін өмірінің кейбір бөлшектерін біртіндеп еске түсіре бастаған.

Ақпан айында Цзямин өзінің туған қаласында түсірілген коронавирус індеті туралы жаңалық сюжетін көргенде, кенеттен өзінің қайдан келгенін еске түсірген. Ер адам көмек сұрап полицияға жүгінген. Полицейлер оның отбасын тапты, Цзямин көп ұзамай туған-туыстарымен жолығады.

Белгілі болғандай, Цзяминнің әкесі 18 жыл бұрын қайтыс болған. Ол өзінің 83 жастағы анасына видео-байланыс арқылы қоңырау шалған.

"Сенің тірі екеніңе қуаныштымын. Мен сені енді ешқашан көрмеймін деп ойладым", - деді Чжу Цзяминнің анасы. 

Цзяминнің құжаттары жойылды, себебі ол көп жылдар бойы хабар-ошарсыз кеткендщердің тізімінде болған. Енді ол үйіне оралу үшін төлқұжатының қалпына келтірілуін күтеді.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі қазақстандық ақын дүниеден озды

Ақын 68 жасында дүние салды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда далаға шыққанда өзіңізбен бірге не болу керек

Далаға шығуға мәжбүр болған жағдайда өзіңізбен қандай құжат болуы тиіс

"Анам ауырып жатқанда қайын жұртымда жүрдім": Бейбіт Сейдуалиева анасының қазасы жайлы айтты

Әнші: Анам маған ауырып жүргенін айтқан емес

Германиялық министр коронавирусқа байланысты өзіне қол салған

Министр өлім алдында хат жазыпты, алайда ол әлі жарияланбаған

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды

Ауруға шалдыққандардың саны 294 болды

24 сағаттық жұмыс тәртібі: Науқастар үйлеріне барудан және жақындарын көріп тұрудан бас тартқан қазақстандық дәрігерлерге алғыс білдірді

Аурухана басшылығы дәрігерлер үшін жеке платаны жабдықтап қойған

24-рабочий день: Пациенты благодарят казахстанских врачей, отказавшихся от поездок домой и встреч с родными

Күн жылынса, коронавирустың таралуы басылады ма? Маман жауабы

Коронавирустың таралмауына климаттың жылынуы қалай әсер етеді?

Қазақстанның бүкіл аймағында жаңбыр: синоптиктер жақын арадағы ауа райы жайлы

31 наурыз – 2 сәуірге арналған ауа райы болжамы қандай?

Коронавирус жұқтырған Орал қаласының тұрғыны: Мен қылмыскер емеспін, бірақ бәрі мені сөгіп жатыр

Оралда ақпараттық порталдың қызметкері коронавирус жұқтырған
Çàãðóçêà...