"Көрмеген азабым жоқ": Әнару Құрманалиева соттың әлі жалғасып жатқанын айтты
Фото: Видеодан скриншот
Боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп танымал болған Әнару Құрманалиева желіде жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленуші марқұм анасын есіне алды.
“Ал енді менің тәрбиемнің басына келетін болсақ, анам өте жақсы, адал, таза, ақылды адам. Оның қандай екенін бүкіл Қазақстан біледі. Анам бар өмірін жақсылыққа, адалдыққа, адамдарды өсіруге, дамытуға, көтеруге арнады. Анам үйден шығармай, 24/7 қарауында ұстады. Таза үйдің қызы болдым. Кішкентайымнан үйдің жұмысын істеп, тамақ пісірдім. Тіпті 8-9 жасымнан бастап базарға шығып, 5-10 келі азық-түлік көтеріп, сауда жасайтын едім. Анама қолғанат болдым. Кейін 11-сынып бітіріп Алматыға оқуға түстім. Анамның ауырғанын 3-курс оқып жүргенде білдім. 2016 жылы ауруы белгілі болды. Қанның қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Анамнан 20 жасымда айырылып қалдым”, – деп жазды Әнару.
-
"Терезеден секіріп, үйден кетемін": Ләззат Ахатова Әнару Құрманаліге қатысты тың ақпаратты жариялады
-
"Күйеулеріңді байлап ұстаңдар": Әнару Құрманалиева күтпеген мәлімдеме жасады
Одан кейін Жанқош Тұраровқа қатысты да сөз қозғады.
“Анамнан айрылғаннан кейін Жанхошқа кездесіп жетімдіктің, бақытсыздықтың, әділетсіздіктің не екенін түсіндім. Ал енді іске келетін болсақ, сот әлі жүріп жатыр. Адвокаттарым өз ісін өте тиянақты, кәсіби түрде атқарып жатыр. Енді қалғаны Алланың еншісінде. Анамның әруағы қорғап келеді. Көрмеген азабым жоқ", - деді ол.
Еске салайық, Әнару Құрманәлінің адвокаты жәбірленушімен арадағы байланысты үзгенін жазған едік.