Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорқудың қажеті жоқ": ІІМ өкілі Қытаймен визасыз режимге қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитеті қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Масақбаев Қытаймен арадағы визасыз режимге қатысты түсінік берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Massaget басылымына сілтеме жасап. 

виза

Алтынбек Масақбаевтың сөзінше, елге келген азаматтар ІІМ бақылауында болады екен.

"Қытай азаматтарының елге визасыз келуіне байланысты даудан қорқудың қажеті жоқ. Себебі бәрі ІІМ бақылауында. Шекарадан өткен күннен бастап қабылдаушы тарап уақытылы хабарлама беріп тұрады. Жыл басынан бері 12 мың заң бұзған шетел азаматтарынан ҚХР-дің 205-і ғана бар. Ол - 1 пайыз. Көбі - жұмыс сапары, мәдени іс-шараларға қатысуға келетін азаматтар ", – деді ол.

Маманның айтуынша, Қазақстанға 79 елдің азаматтары визасыз келе алады. Оның 57-сі экономикалық дамыған, Еуропа елдері мен АҚШ екен. 

"Бұл мемлекеттер азамаматтары 30 күнге дейін елімізге визасыз кіре алады. Иран, Қытай, Үндістан мемлекеттері 14 күнге дейін визалық талаптардан босатылған. Одан басқа, Еуразиялық экономика одақ мүшелері бар: Ресей, Беларусь, Армения, Қырғыстан мемлекеттері. Олар уақытша тұруға рұқсат алмай-ақ 90 күн жүре алады", – деп қосты Алтынбек Масақбаев. 

Көші-қон қызметі өкілінің мәліметтеріне сәйкес жыл басынан бері 2 миллион шетел азаматы келіп, 2,5 миллион шетелдік елден шыққан. 

Талқылау