Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорқытып, ұрып-соққан": Қазақстанда жүрген төрт өзбек азаматы үнді жігітті ұрлап кеткен

Қазақстанда Үндістан азаматын ұрлап әкеткен 4 өзбек ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Олар 27 жастағы үнді жігітті Қарағандыда күштеп көлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткен. Пәтерге апарып, қорқытып, ұрып-соққан. Азаптан босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

Бақытына орай кепілдегі азамат орайын тауып полицияға хабарлап үлгерген. Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында 26 және 34 жас шамасындағы күдіктілерді ұстады.

“Жәбірленуші күдіктілердің ұйықтаған сәтін пайдаланып, Астанадағы пәтерден қашып шығып полицияға хабарлаған. Адам ұрлау күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілі Бақытжан Құдтяров.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 24 Қараша, 2022 21:19
Талқылау