AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорқытып, бопсалауда": Алматы облысында мектеп мұғалімі директор жұмыстан кет деп қысым көрсеткенін айтты

Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылындағы №22 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенғали Бижанов жұмыстан өз еркімен кетуге мектеп директоры мәжбүрлеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мұғалім

Мұғалім әлеуметтік желіге шағымын жазып, зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмысын жалғастыруға көмек беруді сұраған.

"Мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін Бижанов Есенғали Нұрғалиұлы. Жасым 59-да. Зейнеткерлікке шыққанға дейін – 5 жыл. 5 жыл Талғар ауданындағы жеті мектепте жұмыс істедім. Мектеп директорлары жұмыстан босату туралы арыз жазуға мәжбүрлеп отыр. Директор мен орынбасарлары қорқытып, бопсалауда. Оған қоса, әлеуметтік желіні пайдалана отырып бұған ата-аналар мен оқушыларды да араластырып отыр. Маған зейнетке шыққанға дейінгі 5 жыл тыныш жұмыс істеуге көмектесіңіздерші", - деп жазады мұғалім әлеуметтік желіде.

Алматы облысының білім басқармасына жүгінді. Олар Есенғали Бижановтың шынымен де Қарабұлақ ауылындағы №22 мектепте жұмыс істейтінін растап, биылғы оқу жылының соңына дейін сонда жұмыс істейтінін қосты.

Білім басқармасы мұғалімнің сөздерінің шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Олар мұғалімнің 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап 22-мектепте жұмыс істеп жатқанын айтты. Оған қоса мұғаліммен 3 айдан 6 айға дейінгі сынақ мерзімімен еңбек шарты жасалған.

"Бижанов өз өтінішінде дұрыс емес мәліметтерді көрсеткенін хабарлаймыз, өйткені оны жұмыстан кету туралы арыз жазуға ешкім мәжбүрлемеген. Жұмыс барысында Бижановқа еңбек тәртібін бұзғаны және педагогикалық этиканы сақтамағаны үшін бірнеше рет ауызша ескертулер берілген", - делінген хабарламада. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр