Көріпкел Бақыт Жұматованы алаяқтар алдап кетті
Инстаграм әлеуметтік желісінде белгісіз адамдар жалған парақша ашып, ресейлік «Экстрасенстер сайысы» шоуының финалына қатысушысы Бақыт Жұматованың атынан бойтұмарлар сатуда. Ол туралы BNews.kz тілшісіне сәуегейдің өзі хабарлаған.
Бақыт Жұматованың сөзінше, өздерін Украиналық тілші ретінде таныстырған адамдар оның сенгіштігін өз пайдаларына асырған.
«Мағана түсіру тобы келіп, мен жайлы ақпарат керектігін айтты. Мен туралы бағдарлама беретіндерін уәде етті. Ал, шындығында, фотосуреттерімді менің атымнан бойтұмарлар жасап сату үшін қолданған. Мен не істерімді білмеймін. Бірақ адамдар мұндай қулыққа алданып қалмас үшін, оларға ескерткім келеді», – дейді көріпкел.
Әлеуметтік желідегі парақшалар мен сайттарда Бақыт Жұматованың өзі дем салған бойтұмарларды небары 6 000 теңгеге сатып алуды ұсынады. Оған қоса бұл жазбаларға мұндай бойтұмардың сиқырлы көмегі жайлы «ойдан құралмаған» оқиғалар қосылған.
Шындығында, Бақыт Жұматованың бойтұмарлары анағұрлым қымбат тұрады. Көріпкелдің сөзінше, ол шынымен де көмектесе алады.
Бақыт Жұматова өзінің бойтұмарлары неліктен соншалық қымбат тұратындығын айтып берді.
«Шынымен де, менің бойтұмарларым – өте қымбат. Олардың бағасы 6 000 теңге емес. Бірақ олар өз иесіне көмектесе алады. Денсаулығын жақсартып, байлыққа кенелтеді. Бірақ бойтұмар маған берілген тапсырыс бойынша бағдарланып, сол міндетін орындайды. Мен мұнда тек таратушы қызметін ғана атқарамын», – деп түсіндірді Жұматова.
Ал адамдар мұнан кейін алып-сатарлардың қулығына алданып қалмас үшін, көріпкел шырша бүрлерінен жаңа бойтұмарлар жасамақ. Олар да денсаулық, байлық және амандық әкелу мақсатында оқытылады. Жұматова мұндай бойтұмарларды ғаламтор арқылы емес, тек өзі сатып, клиенттерін алаяқтардан қорғайтынын айтады.
Естеріңізге сала кетсек, Бақыт Жұматова – көріпкел, «Экстрасенстер сайысы» телебағдарламасының 7-маусымының финалға қатысушысы. Ол кезде қазақстандық көріпкел өз мүмкіндіктерімен таң қалдырып, үздіктер үштігіне жеткен-ді. Көрермендер дауысының қорытындысы бойынша 3-орынды иеленді.

"300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін барады”: Қазақстандықтар өлімнен кәсіп істеп отырғандардың әрекетіне наразы
