Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көрініс мүлде басқа": Бір топ суретшілер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жер астындағы көмір кенішіне түсті

Қарағандылық суретшілер "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның "Казахстанская" шахтасын түсіп, көмір өндірілетін №3 учаскенің лавасын өз көздерімен көрді. Мұндағы мақсат цифрлық технология дамыған заманда суретшілер толығымен имитацияланған суреттер мен компьютерлік графика арқылы шахта көрінісін халыққа жеткізу. 

Бірнеше жыл бұрын қарағандылық суретшілер картиналардың шынайы бейнесі үшін шахтаға түскен болатын. Енді, міне, осынша уақыттан соң "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахталарының бірінде бұл тәжірибені қайта бастау туралы шешім қабылданды. 

Кеншілердің қажырлы еңбегін өз көздерімен көруге батылдық танытып, кейін көргендерін өз полотносына түсіргендер қатарында еңбек сіңірген суретші шеберлер, корифейлер, гуманитарлық колледждің жас студенттері болды.

Ал шахтаға түсудің өзі жұмыс талабына сай орындалды. Комбинезон, трамвай мен жеткізу жолы, бір сөзбен айтқанда суретшілер барлық кеншінің күнделікті орындайтын істерін сезінді. Шығармашылық топты бригадир Евгений Подогов, No3 учаскенің бастығы Ринат Гафаров пен шаруашылық қызметінің басшысы Андрей Педора қарсы алып, лаваға жеткізіп, жерасты кәсіпорнындағы заманауи мониторинг жүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Шахтадағы алғашқы минуттардан-ақ суретшілер сезімдерін жасырмады. Осылайша шахта дегенде олардың ойларында болатын ақ-қара түстегі әдеттегі бейне бірден басқаша көзқарасқа өзгерді.

“Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Менің шахта туралы ойымдағы көрінісім мүлде басқа болып шықты. Себебі ескі фильмдер мен фотосуреттерде шахта жай қараңғы кеңістік болатын. Ал қазір 500 метр тереңдікте бәрін өз көзіммен көргенде басқа әлемге түсіп кеткендей болдым. Мұнда жаңа ғимараттар, заманауи интерьер мен мозаикалар бар. Тіпті қанша метр тереңде болсақ та бұл жерде жарықтың әлдеқайда көп екенін байқадық. Ал шахтадағы шамдар сәулесіне киімдерінде шағылысатын жолақтары бар адамдар нағыз жат планеталықтар сияқты көрінеді. Бұл шахта емес, құпия база сияқты әсер қалдырды”– деді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қарағанды ​​суретшілер одағының басшысы Айдархан Қалмаханов.

Негізінде бұл суретшілердің көпшілігі кеншілер отбасында өссе де, шахтаны өз көздерімен алғаш көрулері. 

“Мен шахтер отбасында өстім, әкем шахтада 33 жыл еңбек етті. Алайда шахтада алғаш рет болуым осы. Осы жобаның арқасында жер астын көру арманым орындалды! Медициналық бақылау мен қолжетімділік жүйесін, қауіпсіздік жүйесін көргеннен-ақ керемет әсер алдым. Кеніштер дамып, оларға көп инвестиция құйылып жатқанына сенім болды. Ал адамдар үшін, еңбек қауіпсіздігі жасалынған. Бұдан кәсіпорынның қызметкерлеріне деген қамқорлығын байқауға болады”,- деді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Владимир Проценко. 

Владимир Проценко пейзаж жанрында көбірек жұмыс істесе де, кеншілер бейнелерінен шабыттана отырып, әдеттегіден тыс дүние жасауға бекіген. 

"Мен бізді осындай жыл жүздерімен күле қарсы алған адамдардың мінезін бейнелегім келеді. Осындай қиын жағдайларға шаң мен ауыр жұмыс арасында жүргендеріне қарамастан өте жылы шырайлы жандар",- деп қосты Проценко.

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, кескіндемеші Галина Коломенская әріптестері секілді кеншілер отбасында дүниеге келсе де мұнда бірінші рет келіп тұр. 

“Өте әсерлі. Миллиондаған жылдар бойы жатқан мына көмірді өз қолымызбен ұстай аламыз”, - деді Галина Коломенская.

Юлия Комарницкая шахтада бірінші рет емес. Бірақ бәрібір де алғашқыдай ісер алғанын жасырмады.

“Көрмеміздің аты – "Көмір жүрек". Расында да, көмір Қарағандының жүрегі. Біздің картиналар адамдарға көмірдің қаншалықты эстетикалық әдемі екенін және оның біздің өміріміз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсететініне сенімдімін”, - деді Юлия.

Өнерлілер тобының жартысынан астамы авангард суретшілерден құралған. Любовь Гуменюк – философиялық тәжірибелер мен классикалық ілімдер негізінде жұмыс жасайтын суретші-зерттеуші. Ал Лариса Карчевская – фотограф, журналист, өнертанушы, нейрондық графикамен және орындаушылық тәжірибемен жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы шахтаны, көмірді, кеншілерді өзінше көрді. Ал мұндай жобалар кеншілер мен жерасты кәсіпорындары туралы стереотиптерді бұзуға көмектеседі. Қиын, бірақ қоғамға қажет, тау-кен жұмыстарының жаңа қырларын ашады.

Талқылау