Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көрікті көлге көңіл бөлінді": Алматы облысында Есік көлінде тазалық жұмыстары жүргізілді

6 мамыр "Таза Қазақстан" экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде "Мөлдір бұлақ" апталығы бойынша бірнеше бөлім қызметкерлерінің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған акцияға арнайы қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауқымды шараның ашылу салтанатында сөз сөйледі.

“Президентіміздің бастамасымен бастау аған "Таза Қазақстан" жобасы қоршаған ортамызды таза ұстауда өзіндік жемісін беріп келеді. Осы арқылы әрбір отандасымыз тазалықты өз іс-әрекетінен бастау қажеттігін ұғыну қажет. "Мөлдір бұлақ" апталығын Есік көлінен бастауымыз тегін емес. Есік көлі – ауданымыздың ғана емес мемлекетіміздің мақтан тұтар табиғи жәдігерлерінің бірі. Осы көл арқылы 100 мыңнан астам адам ауызсумен қамтамасыз етілген, 5,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері суарылады. Кезінде бұл жер күніне 3 000 турист қабылдаған танымал орталық болған, сондай дәрежеге жетуі үшін бар жағдайды жасауымыз қажет. Сонда экономикамыздың өсуіне зор ықпал етер еді”, – деген Марат Сұлтанғазиев акцияға қатысушыларға ризашылығын білдірді. 

Есік көліне жиылған 500-ге жуық адам ұжым бойынша өздеріне бөлініп берілген аймақтарды күл-қоқыстан тазартып, түрлі ағаш көшеттерін отырғызды.

Талқылау