Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Табиғат инспекторының өлтірушісі сот залында жылады: ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Табиғат инспекторының өлтірушісі сот залында жылады, деп хабралайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

егерь

Табиғат инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтірген жеті күдіктінің үшеуін өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды. Қайғылы жағдай өткен жылдың қаңтар айында болған. Жасырынуға тырысқан браконьерлер инспекторларға шабуыл жасаған. Ауыр жарақат алған Нұрғалиев ауруханада қайтыс болды. Бір жылдан кейін, соттың материалдары бойынша басты айыпталушы қорықшыға қатты соққыларды тигізгені анықталды. Айыпталушы өз ісіне өкініп, тіпті сот залында жылап жіберді.

"Мен болған оқиғаға өкінемін. Мен оны әдейі істеген жоқпын, мен ешкімді өлтіргім келмеді, өзіме және жанымдағы адамдарға қауіп төніп тұр деп қорқып кеттім. Мен қорықшының туыстарынан кешірім сұраймын. Бізді кешіре аласыздар ма, жоқ па білмеймін, бірақ мен істегенім үшін қатты өкінемін", - деді айыпталушы Қайрат Акшанов көз жасына ерік беріп.

Ақшанов пен оның екі жолдасы адам өлтіргені үшін прокурор қатаң жағдайдағы түрмеде өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Тағы төртеуі заңсыз аң аулағаны үшін айыпталуда. Олар процесс барысында кепілдікпен босатылады. Мемлекеттік айыптаушы оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жеткілікті деп санайды. 17 өлген ақбөкеннің өтемақысы 89 миллион теңгені құрайды. Ал марқұмның туыстары сотталушылардан жерлеу үшін 9 миллион, ал моральдық шығын үшін 20 миллион төлеуін талап етуде.

"Мазардың құрылысына, қырқын өткізуге кеткен шығындар. Бұның барлығы Баршино ауылында өткізілгендігі ескерілмейді. Құжат бойынша расталған материалдық залалдың жалпы сомасы 9 137 600 теңгені құрайды", -деді Алмас Қасқырбай Е.Нұрғалиевтің отбасының өкілі.

 

Талқылау