Қорғаушы Денис Теннің тапсырыспен өлтірілгенін дәлелдейтінін айтты

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот тыңдалымы өтіп жатыр. Сотта Құдайбергеновтің мәнерлеп сырғанаушыны белдікпен ұрғаны белгілі болды. Ал жәбірленуші тараптың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров бұл тапсырыспен жасалған қылмыс екенін сенімді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі сот залынан.

Денис Тен

Тыңдалымда белгілі болғандай, Денис Тен көлігінің айнасын ұрлап жатқан Қиясов пен Құдайбергеновтің үстінен түскеннен кейін, Құдайбергенов қаша жөнелген. Спортшы оны қуып жеткеннен кейін, араларында төбелес болыпты. Осы кезде Құдайбергенов Денистің бетінен белдіктің темірімен ұрып жіберген. Артынша Қиясов келіп, мәнерлеп сырғанаушыға пышақ сұққан.

Ал Арман Құдайбергеновтің Денисті белдікпен ұрғанын қорғаушы Өстеміров те растап отыр. Ол Денистің бетінде қатты заттан қалған із болғанын айтты.

“Құдайбергенов белдігін шешіп, ұрған. Себебі Денистің бетінде және қасында белдіктің іздері бар”, — дейді ол.

Сонымен қатар Өстеміров Денистің өлімі тапсырыспен болған деген пікірінен таймай отыр. Өз сөзінде ол мұны дәлелдейтінін атап өтті.

“Егер ұры қылмыс жасап жатқан жерінен ұсталып қалса, ол қашу керек. Ұрыс шығармауы керек. Ұрының ұры деген аты бар. Егер ұрласаң, қашу керексің. Мен олар ыңғайлы сәтті күтті деп ойлаймын. Асықпай шыққанын көріп, оның көз алдында айналарды шеше бастады. Сосын ұрыс шығарды. Сыбайластары болған”, — дейді Өстеміров.

Қорғаушы қылмыскерлердің сыбайластары болғанын айтты. Сыбайластары деп ол айдап салушыларды, орындаушыларды және ұйымдастырушыларды меңзеп отыр.

Айта кетсек, бүгін, 3 қаңтарда өткен сот тыңдалымында айыпталушылар өз кінәсін мойындамады.

Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұған дейін министрдің орынбасары қолға түскен азаматтардың шынайы қылмыскерлер екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің бұған дейін жасаған қылмысы үшін не себепті тұтқындалмағанын түсіндірді. Мұнан кейін аталған іске қатысты үшінші күдікті ұсталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр